Өлең, жыр, ақындар

Ақын үні

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 993
Мен өзіңнің кішкентай лағың едім,
Асыл әже, басыңа тағы келдім.
От кеудемде ұлы арман бұлқынады,
Ақтасам деп үмітін қалың елдің.
Қимасым боп кеудемде жүрсің әлі,
Сыйға тартып өзіңе асыл әнді.
Көз алдыма елестеп сен апарған
Шағын мектеп базардың басындағы.
Сүрлеу жолмен сен өзің жетектеген,
Сырымды айтып кезім жоқ жыр төкпеген.
Жүргендейсің жанымда, ұлы ұстазым,
Жылу төгіп мейірлі жүрекпенен.
Жоғалтпасқа киелі бағаларың,
Қасиетін қастерлеп бабалардың.
Өзің берген демменен,асыл әже,
Бәрін,тегіс түгелдей араладым.
Бұлағынан сусындап мөлдір тұнық,
Іздерінен жырыммен желкен құрып,
Өсиеттерін хат қылып жырмен жазып,
Әрбір сөзін Пір тұттып,қанатқа іліп.
Нұр шуағы тигендей маңдайыма,
Бір тіл қатшы,ақ әже,торғайыңа.
Қанша сапар жол шегіп,ел кезгенмен,
Сен пісірген таба Нан таңдайымда.
Сүйікті әнің жаныма мұра қылған,
Бесік жырың кетпестен құлағымнан
Шат күндерді толғанып есіме алып,
Саған келдім,ақ әже,қуанғаннан,
Әже десе кім сірә елжіремес,
Өн бойымда теңіздей тулаған ән.
Ұлы болғың келсе,ұлым,ұлтыңды сүй,
Деген сөзің жанымда жалау болған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқыт баба

  • 0
  • 0

Желмаясын желдіртіп,
Жері қалмай кезбеген.
Арып-ашып жең жыртып,
Жер ұйығын іздеген.

Толық

Еркебай ата үні

  • 0
  • 0

Тыңда балам өтті қанша сарша күз,
Мен жатырмын елеусіздеу қоршаусыз.
Итте өтеді, малда өтеді үстімнен,
Білесің ғой өлген жандар қауқарсыз.

Толық

Аралбай ақын баба үні

  • 0
  • 0

Қуат берген желегіне жап жасыл,
Жинақталған өн бойына бар асыл.
Құдірет бар үндерінде бабаңның,
Балдан қалған сарқыттайын сан ғасыр.

Толық

Қарап көріңіз