Өлең, жыр, ақындар

Жары Мәтжан ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1188
Жанқожа –деп, аталатын осы жер,
Кең Жылойға әуел бастан таныс жер.
Осы жерде біз жатырмыз тыныстап,
Сыр айтайын ақын балам бері кел!
Табиғаттан іздеп мәңгі жарасым,
Сүйген адал шексіз-шетсіз даласын.
Жаны сұлу біздің қайран бабалар,
Қадір тұтқан тілге шешен данасын.
Сұлулыққа жетелеген бар елді,
Әдептілік-әдемілік әлемді.
Ұғынсын-деп, балапанын ұядан,
Ұшырған ғой бойға құйып өнерді!
Көрегенді көнелерден сыр аңдып,
Бізде өстік даналардан нәр алып.
Дауды жеңдік дәлдеп айтып шындықты,
Қара қылды әділдікпен қақ жарып.
Баршылық та жоқшылық та көрдік біз,
Бірақ ұлым күн кшпедік ерліксіз.
Жан берсекте сыр бермедік дұшпанға.
Жалаң атпен шоқты шайнап кештік мұз!
Қызыл дауыл отын тастап іргеге,
Байтақ далам айналғанда түрмеге.
Қалың Адай қансыраған қан жұтып,
Айналғаны мәңгі өлмейтін ерлерге!
Елім үшін отқа түсіп шайқасып,
Еркіндіктің азат таңын аңсадық.
Біз алыстық ең соңғы біткенше,
Келер ұрпақ, саған ізгі жол ашып.
Өзіңсің ғой жан сырымды ұғатын,
Арман қуған өр қиялшыл қанатым.
Әлсіз болсаң тұрақтамас қуаныш,
Еңбегіңмен артыр елдің қуатын.
Қадір тұтып ата-жұрттың үлгісін,
От кеудеңнен сайратып бақ жыр құсын.
Сұлулықты қанат қылып жаныңа,
Жалғастыр сен бабалардың ұлы ісін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырық қыз туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның,
Алғанда түкпірінде жаңа тыным.
Қияннан ғажайып саз ән келеді,
Самал жел құшағында жалғап үнін.

Толық

Адай бабам

  • 0
  • 0

Отпан таудың басынан Адай бабам,
Әуел бастан халқына ұран салған,
Кесенесін көтерсең келер ұрпақ,
Қайта оралар мәңгілік Рух саған!

Толық

Алтын қазық жұлдызым

  • 0
  • 0

Қасиеттің жаққан сансыз шырағын,
Кеудең сенің күмбірлеген жыр ағын.
Жараланса ақын жаным, жан аға,
Ішем сенен сұлулықтың бұлағын.

Толық

Қарап көріңіз