Өлең, жыр, ақындар

Мұстафа Шоқайұлы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 806
Өрмекшінің құрған бейне торындай,
Қызыл соққан түрмелерге ұрынбай.
Қуғындалдың зорлықпенен жат елге,
Енесінен ерте айрылған құлындай.
Қасіретпен сан қайғыны кештің сен,
Көз тіріде от тозақтың үстімен.
Өксігенде елге жетіп жан зарың,
Бар аймаққа күңіреніп естілген.
Шындық еді әуел бастан сүйгенің,
Егіз біткен жаның, тәнің сүйегің.
Сол шындықты жат елде де ту қылып,
Нар халқыңның мұңын айтып сүйедің.
Ұлт жайында жалған ұран көтеріп,
Қаймағымды іркіп алып от өріп.
Балта салған тілім менен дініме,
Қанішерге қарсы ұмтылдың кектеніп.
Кең әлемге жария қып сұмдығын,
Ақиқатпен түлкі айласын күл қылдың.
Ойлағаның бар мұсылман бірлігі,
Көруі үшін теңдік атты күн нұрын.
Туған елсіз желек жайып өскен кім,
Сағыныштан қандай отқа түспедің.
Оңашада бойтұмарың бір уыс,
Туған жердің топырағың иіскедің.
Бұлақтары сарқыраған мөп-мөлдір,
Сен сағындың тауларыңды көгілдір.
Жетсем дедің боз жусанды далаңа,
Дәм бұйыртып сыйға тартса өмір нұр.
Өзіңде еді бар мықтылық, ой көрік,
Қанаушыға қан соқтырған төңкеріп.
Сол кекпенен айла жасап залымдар,
Ақырында әлсіретті у беріп.
Бар үмітті көп күткендей еліңнен,
Шығыс жаққа ұзақ қарап сеніммен.
Бостандық деп жазып кеттің ауаға,
Бойындағы ең ақырғы деміңмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адай бабам

  • 0
  • 0

Отпан таудың басынан Адай бабам,
Әуел бастан халқына ұран салған,
Кесенесін көтерсең келер ұрпақ,
Қайта оралар мәңгілік Рух саған!

Толық

Ораз Жандосов

  • 0
  • 0

Мұндай сұмдық ешбір елге бермесін,
Қызыл терор қамау қылып түрмесін.
Бейбіт жандар түнегінде тұншығып,
Өмір жатты қармен көміп іргесін.

Толық

Құлжабай би ата үні

  • 0
  • 0

Сейілмеді қара бұлт көгімізден,
Қаптаған жау тартқылап жеңімізден.
Түгел қоршап айнала от салғаны,
Айыруға киелі жерімізден.

Толық

Қарап көріңіз