Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Тайжан

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 847
Адалдықпен егіз туып өскендей,
Дүние құмар тойынғандарға дес бермей.
Мұнайлы Өзен қан жұтқанда қайғыдан,
Қолдың ұшын ұсындың сен сескенбей.
Ұландарын оққа жығып мастанған,
Озбырлардың өтірігіне еш сенбей!
Залымдардың айтып бетке қылмысын,
Ақиқаттың қолына алып қылышын.
Ұран салдың өр шындыкпен әлемге,
Көрсете алып азаматтың ер ісін.
Бірге болдың күйзелген нар қалқыңмен,
Үмітпенен іздеп алдан жеңісін!
Жақсылықтың үзбеу үшін жолдарын,
Аямадың жомарттықпен қолдағын.
Қиналғанда сүйеніш боп туғандай,
Мейіріммен нұрландырдың жандарын.
Пейіліңнің кеңдігімен түн серпіп,
Сыйға тарттың тектіліктің арлы әнін!
Бірге өткеріп қасірет мұңын дәуірдің,
Жаста болсаң бастан кештін ауыр күн.
Келешегін туған елдің ойлаумен,
Жеткізсем-деп,әділдіктің жарығын.
Ұмтыларма кемеңгерлік бұл еңбек,
Аман жүр сен тіл көздерден бауырым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иә, Бекет!

  • 0
  • 0

Жан ата, Алты Алашым ұран қылған,
Тылсым үн кетпей қойып құлағымнан.
Отанды өзіңе ұқсап сүйе біліп,
Шықсам деп, сағыныштың құмарынан.

Толық

Дүйсеке ата үні

  • 0
  • 0

Мынау мешіт ұрпақ үшін салғанбыз,
Құшағында ғалымдардан қалған із.
Талай сансыз қарылғаштар ұшты одан,
Болмау үшін болашақта қорғансыз.

Толық

Халқының ұлы перзенті

  • 0
  • 0

Даналықпен серік қылып пәк арды,
Заманының қайсар өжет адамы.
Қызыл тұман құрсауында адаспай,
Жасай білдің болашаққа қадамды.

Толық

Қарап көріңіз