Өлең, жыр, ақындар

Қара нар

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1306
(Нәсіпқали Марабаевқа)

Ассалаумалейкум!
Мұнайдан өскен киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күй ме едің,
Сәлемдерін қарттарымның арқалап,
Сағынышпен өзіңді аңсап келемін!
Көз алдымда өмір жолың сыр шертіп,
Өн бойыма құйып жатыр өжеттік.
Шағыл басқан Прорваның төсінен,
Мұнараларды тоғай қылып көтертіп.
Бұлаң қағып,ойнақ салып қиялға,
Маңқыстаудай қасиетті ұяңда
Сенің жалын лапылдаған жастығың,
Жетелейді желкен құрып қиянға.
Бір кездері от жалыны сөнбеген,
Сәлем айтып өзіңізге Теңгеден.
Ерлігіңді тізгіндеген жыр қылып,
Сөйлеп жатыр дана дала мінбеден.
Маңдай терің тамған жері бұлақтап,
Өткен күннен ой түйіндеп сабақтап.
Бозашыда жар салады Нәкең-деп,
Мәңгілікке аңыз қылып мадақтап.
Жан бабамның ақ батасы дарыған,
Қарап тұрсам әрбір басқан ізің ән.
Қаражанбас,Қаламқас пен Өзеннен,
Абылдайын ағыл-тегіл ағылған.
Маңқыстауым!Ақжарма жыр,өлеңдей,
Жұлдыздармен сен келер-деп,елеңдей.
Көк аспанға зерлеп жазып қойғандай,
Марабаев Нәсіпқали дегендей.
Жырға қос-деп,қайталайды кең далам,
Мен қуанып,ерлігіңе танданам.
Туған елдің түсірмеске бағасын,
Колбиндерді ала білген жағадан!
От кеудемді кетті-ау менің жыр кернеп,
Сәуле төгіп өнегелі нұр өрнек.
Қызыр баба шалған Ата төріне,
Халқым үшін тудырған ғой Пір Бекет!
Әрбір ізің аңыздарға пара-пар,
Естен қалай сен кетерсің қара нар.
Өзің сүйген Кең Жылойдан келдім мен,
Ақыныңның отты жырын қабыл ал!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есболай батыр баба үні

  • 0
  • 0

От құшағы мәңгі көктем жап-жасыл,
Туған ел ғой жанға жақын ең асыл.
Айрылған соң бірлігінен уыздай,
Азап кешті бейнет тартып сан ғасыр.

Толық

Шерхан аға!

  • 0
  • 0

Аянбастан қызмет қылған халқына,
Қайталанбас жау жүректі нар тұлға.
Әр сөзінде жанға қуат жалын бар,
Оған жетпес байлығың да алтын да.

Толық

Жаналы әулие баба үні

  • 0
  • 0

О, ұрпағым, үмітті аппақ таңым,
Өн бойында ып-ыстық аққан қаным.
Сенде менің – Алаш деп ұрандаған
Ең әдемі әуезді асқақ әнім!

Толық

Қарап көріңіз