Өлең, жыр, ақындар

Мұқтар Арыновтың батасы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1572
А, Құдай!
Аңсатып берген азаттығымды сақта,
Ата –бабанан қалған қазақтығымды сақта.
Қайта оралған Науырызымды сақта!
Қайта түлеген ұл-қызымды сақта!
Жазықсыз жабылған жаладан сақта!
Жеріме көз тіккен пәледен сақта!
Елдің бағын байлайтын,
Қара бас қамын ойлайтын,
Әділетсіз биліктен сақта!
Тілінен безген тексізден сақта!
Ізеттіліктен жұрдай бетсізден сақта!
Елді сыйламаған есерден сақта!
Нанды басқан кеселден сақта!
Ынтымағы жоқ туыстан сақта!
Қайырымы жоқ бастықтан сақта!
Қасыңнан шыққан қастықтан сақта!
Парасатсыз ғылымнан сақта!
Сырты жылтыр залымнан сақта!
Ақпақұлақ шәкірттен сақта!
Атасын білмес мәңгүрттен сақта!
Ниеті бұзық діндардан сақта!
Тентек су ішкен жындардан сақта!
А,Құдай!
Халқымның даналығын,
бойымызға дарыта гөр!
Жеріміздің қазынасын,
игілігімізге жарата гөр!
Елеміз есейіп берекелі болсын!
Ит жылы несібелі берекелі болсын!
Жаңа жыл халқыма жан саулығын,
Тән саулығын сыйласын!
Өрге бассын жас ұрпағым,
Мықтап ұстап тағдырының бұйдасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоғабайы қазақтың

  • 0
  • 0

Бабаларға ұқсас жарқын жүздері,
Ағалар бар аңыз болған іздері.
Ізгілікті істерімен елді ойлап,
Жетелеген өрге тартып біздерді.

Толық

Төле би

  • 0
  • 0

Қара қылды қақ жарып,
Әділдіктен нұр жағып.
Ынтымаққа жар салып,
Имандықтан сый тартып,

Толық

Құлшан әулие ата үні

  • 0
  • 0

Ұлы сырын ұқтыратын ғаламның,
Кәусар бұлақ іздерінде бабаңның.
Ішкен сайын мейір қанып толғанар,
Тарихыңды ізде содан ұланым!

Толық

Қарап көріңіз