Өлең, жыр, ақындар

Төле би

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 7993
Қара қылды қақ жарып,
Әділдіктен нұр жағып.
Ынтымаққа жар салып,
Имандықтан сый тартып,
Кемелдікпен жаңартып,
Қазақтың байтақ жеріне,
Шамшырақ болған жап-жарық.
Үлгі болған ұлы ісі,
Ұлылардың ұлысы,
Ақиқаттың тынысы,
Тәңір өзі сый қылған,
Ел намысын ту қылған,
Ақиқаттың қылышы,
Асқақ рухы дем берген,
Алты Алаштың ырысы.
Таңдай қаққан адамзат,
Күллі Шығыс барысы,
Даналықпен ой тербеп,
Жақындатып алысты,
Көптен алған алғысты!
Биік біткен өресі,
Жер- Ананың төресі
О, Төле-би жан-бабам,
Өзіңе жырын жолдаған.
Қос құлынын жетектеп,
Жылойдан келді бір балаң.
Қабыл болып тілектер,
Лапылдап жанып жүректер,
Арманға қанат сермесін,
Рухыңмен жебеп, медет бер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұқтар Арыновтың батасы

  • 0
  • 0

А, Құдай!
Аңсатып берген азаттығымды сақта,
Ата –бабанан қалған қазақтығымды сақта.
Қайта оралған Науырызымды сақта!

Толық

Жұмекен Нәжімеденов

  • 0
  • 0

Көз алартып айнымай иіс сасықтан,
Туған елді бөлшектеуге асыққан.
Қарсы тұрып Хрущевтей есерге,
Қайран ақын жаратылыған намыстан.

Толық

Отман тау

  • 0
  • 0

Жер бетінде болсыншы – деп, жақсылық,
Адамзатты наурыз тойға шақырып.
Отман тауда отын жақты бабамның,
Қалың Адай ерлік әнін шалқытып.

Толық

Қарап көріңіз