Өлең, жыр, ақындар

Меруерт алқа

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6645
Аспандағы күміс айдай, жас ақынның жары бар,
Аспандағы күміс айдай, құралайдай жаны бар.
Құралайды, күміс айды, тура қарап көріп ет:
Көздері бар күлімдеген, күлкісі бар меруерт.
Қас қарайып күн де батады, сәулелері таралып,
Қыз да шығады құралайша жібек шашын тараны.
Күн де кетеді көк бетінен сәулелері таралып.
Қыз да шығады күлімсіреп, көк лентаға оранып.
Ақын сонда: «Сәулем – дейді - қалқам, дейді - жар» - дейді.
«Күнге арналған, күндей күлген жібек жырым бар» - дейді.
«Күнге оранған, күндей күлген күміс күйім бар» - дейді;
«Меруерт қып, менікі деп меншігіңе ал» - дейді.
Сұлу сонда: «Күнге арнаған жырыңды өзің ал» - дейді.
«Маған меруерт болатұғын бір - ақ нәрсе бар» - дейді.
─ Күнге арнаған күміс күйді беріп едің талайын,
Енді маған көсемге арнап жыр жазып бер, алайын.
Көсемді айтып жыр жазып бер, жүрегімді орайын.
Омырауға, жібек шашқа лента қылып тарайын.
Көсемді айтқан жырдан артық меруерт бар ма тағатын,
Одан артық сыйлық бар ма ақындардан алатын,
Одан артық лента бар ма сұлуларға тағатын,
Одан артық бақыт бар ма іздеп жүріп табатын!

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі фрагмент

  • 0
  • 0

Шахты астында жұмыс істеп, шахтер үйге қайтпады,
«Суық етіп кетпегей!» - деп жары дамыл таппады.
«Еске түссе ұлы көсем» - дейді шахтер бұрылып:
«Бар денемді, жүрегімді орап алады жылылық».

Толық

Көктем туралы

  • 0
  • 1

Күн нұрымен қосылып,
Көктем үйге енеді.
Араласып көктеммен
Лирика да келеді.

Толық

Достық жыры

  • 0
  • 0

Мен білмеймін шекарасын
Солтүстік пен түстіктің.
Мен білмеймін шекарасын
Жолдастық пен достықтың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар