Өлең, жыр, ақындар

Әсем біздің ұрсады

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 936
Бойы аласа шыршаны
«Өспейді», – деп ұрсады.

Кірлеп қалса қуыршағы,
Інісіне ұрсады.

Тәтті нанның жұмсағы
Болмай қалса – ұрсады.

Есебінің бір саны
Жетпей қалса – ұрсады.

Үлкен болса бір сәрі,
Құп-құттай боп ұрсады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің шарларым

  • 0
  • 0

Шарларым сары,
Шарым көк.
Зуладым тағы,
Дамыл жоқ.

Толық

Су жүрек

  • 0
  • 0

Ел жатарда жай ғана
Шықты сыртқа Айбала.
Самал ескен әдемі
Бір керемет шақ еді.

Толық

Сирек кездесетін ирек

  • 0
  • 0

Отырды Аман сурет салып,
Жаратпады бұл келіп қалып.
Енді інісін қасына алып,
Желкесін сәл қасып алып:

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар