Өлең, жыр, ақындар

Жолың болсын, ұлым!...

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2377
«Күн құбылды, желденді,
Көлікке мін сен де енді.
Жолыңа!» – деп,
Қолыма
Анам ақша берген-ді.

Аялдама маңында
Біраз тұрып қалдым ба?!
Бір қарт ана
Қол жайып,
Келе берді жаныма.

Торлап алған түсін мұң,
Қарт анадан қысылдым.
Ойланбастан,
Алдым да,
Жол-пұлымды ұсындым.

Мұңлы жүзі күлімдеп,
Әлсіз қолы дірілдеп:
«Жолың болсын, ұлым!» – деп,
Бет сипады күбірлеп...

Бұзылып тұр бүгін күн,
Құбылып тұр бүгін күн.
Енді...
Несін бөгелем,
Мектеп жаққа жүгірдім.

Келем іштей бекініп,
Екпіндеймін ентігіп:
Бар мақсатым –
Сабақтан
Қалып қоймау кешігіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалжа

  • 0
  • 0

Əжем гүлдей жайнады,
Атам тiптен жайдары:
“Қалжасы,– деп,– келiннiң.”
Қой сойды атап

Толық

Кім ардақты?

  • 0
  • 0

Ең ақылды –
Дана,
Ең пейілді –
Дала,

Толық

Қысқы түн. Өлара...

  • 0
  • 0

Айды таба алмай,
Шырағын тұр жаға алмай…
Қап-қара түн бейне бiр,
Төңкерiлген қазандай…

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар