Өлең, жыр, ақындар

Бірін-бірі адамдардың түсінетін кезі көп

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1561
Бірін-бірі адамдардың түсінетін кезі көп,
Шын бақыттың тани білер, көре білер көзі боп.
Асығамыз жылынуға, лапылдатып үрлеуге,
Байқаусызда қалсақ болды бір жанардан сезіп от.
Бірін-бірі адамдардың түсінбейтін кезі көп,
Шаттық пенен қуаныштан кететұғын мезі боп.
Асығамыз сусынуға, өшіруге жалынды,
Бір жанардан жүрсек дағы, жылынатын сезіп от.
Адамдағы алабұртқан, аласұрған көңіл-ай,
Бір қалыпты болмайды екен неге ұдай.
Өте шығар бір адасып, бір жол тауып жүргенде,
Сабындай-ақ қамшының,
Келтесің ғой, өмір-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Даман батырларына

  • 0
  • 0

Иә, олар –
Қырағы көз көрегендер,
Жүрегін пәк сезімге бөлегендер.
Иә, олар –

Толық

Шырқағанда шалқып тұрып, сен шәмшінің сазды әнін

  • 0
  • 0

Шырқағанда шалқып тұрып,
сен Шәмшінің сазды әнін,
Менің денем балқып тұрып, еріп кете жаздадым.
Залдың іші тына қалған, ұйытыпты асау ән,

Толық

Көздер

  • 0
  • 0

Көздер, көздер, түпсіз тұнық сырсыңдар,
Мөлдірлікпен баурап жанды тұрсыңдар.
Бұлқынсын деп бір өртеніп, бір күйіп,
Кетесіңдер жүректерге нұр құйып.

Толық

Қарап көріңіз