Өлең, жыр, ақындар

Жәй әншейін ойын ғой

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 8
  • 13495
1
Айт! Құйт! Ха, ха, ха-ау!
Петербор, Мәскеу...
Иванов қалқам,
Мәссаған Арқам!..
Әй, керек-ау, әй, керек,
Арақ ішсең, асыңаМай керек.
Төрелерге жем керек,
Оқығанға шен керек.

2
Март, апрель, май,
Жорта тұр! Уайдай!
Дүбір шатыр,
Гүбірнатыр - біздің бай.
Керенский Саша! Жаса!
Вся Россия наша!

3
Толстов, Колчак,
Давай сюда коньяк.
Ой, Иван аламан,
Мен бит, атаман!
Өрледі батыр, өрледі,
Ағаш найза сермеді...
Қарсы алдында қалтиған
Николайды көрмеді...
Саясат - ағаш ат,
Мінді есер - кемесер.
Шу деді сабаз, шу деді,
Шу дегенде гуледі,
Табаны тасқа тимеді,
Туған елін биледі.
«Қызыл ерен - мен,- деді,-
Қазағым, қасым - сен!»- деді.
Шулады қазақ шұрқырап,
Барады «батыр» тырқырап,
Аузынан көбік бұрқырап...
Айтсаңшы иман, молдеке-ау,
Барады ғой қорқырап...



Пікірлер (8)

Айым

Жақсы өлеңдер
Керемет рухты

Зарина

Мен озиме керек олендерди таптым.Керемет сайт

Аманали Бакдаулет

Не перебор, бітірбер болу керек
Кітапта солай жазылған
Қате

Ардақ

Кітапта Қате болған ғой)))

Аманали

Жоқ
Интернеть қате
Кітап қате болуы мумкін емес

Ұлбосын

Бітірбер не деген жағымсыз сөз) сауыты жоқ, тілі бұрылмай қалған адам сияқты... Петербор миға сәл пәл қонымды) Санкт-Петербург! Өкінішке орай тек кітапта емес қазақта барлық жерде қате көп. Тұрғын үйлер құлап жатқанда, болмашы кітапта қате болмас па екен? ӘРИНЕ БОЛАДЫ! КӨРІП ЖҮРМІЗ ДЕ...

Еңлік

күлкілі екен

Пікір қалдырыңыз

Бала мен құс

  • 1
  • 1

-Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.

Толық

Ләззат қайда

  • 1
  • 2

Бұл жарыққа шыққан соң,
Іздейді көңілім күн-түні
Қайдасың ләззат, рахат деп,
Таппады сал боп еш мұны.

Толық

Асық иіру

  • 2
  • 1

Сынайын бір сақаны,
Иірейін құрғырға,-
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға?

Толық

Қарап көріңіз