Өлең, жыр, ақындар

Сырыңды аш ұлыңа

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1136
Мен де саған бөтен емес, бел бала,
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi,
Шерқала!
Бiр кезде Шер,
Қазiр ендi Көр қала.
Алтын-күмiс,
Жiбек нарға арта ма,
Бал жасайтын шырын қосып тортаға.
Қасыңдағы Қызылқала қыз мiнез,
Самал желпiп арқаңа.
Тұратұғын қан базарың тарқамай,
Шерқаланы мен iздеймiн картадан.
Бiрақ, бiрақ таба алмаймын, таппаймын,
Жүрегiмде шешiлмес шер, жатты-ай мұң.
Сол тарихты iш-бауырым елжiреп
Жоқтаймын.
Қыш құмыра сынықтары көзiме
Басылады оттай бiр.
Құлақ тосам
Дауыстарға, үндерге
Мекен болдың екен, сiрә, кiмдерге?
Сәйгүлiгiн аш күзендей бүгiлтiп
Кiмдер екен жортқан талдай түндерде?
Бiлмей қалай тоқмейiлсiп жата алам
Тарихымды iргемде?
О, Шерқала, Шерқала!
Мен де саған бөтен емес, бел бала.
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi
Бiр кезде Шер,
Қазiр бiрақ Көр қала!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын

  • 0
  • 0

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын,
Бұл бабам, баптап мінген жалғыз атын.
Аты болса байлықты көксемеген,
Қайғырмаған жоқтыққа өкшелеген.

Толық

Ойнақ салар төріңе

  • 0
  • 0

Ойнақ салар төріңе,
Құйыны бар даланың.
Жеткізбейтін желіңе,
Киігі бар даланың,

Толық

Дала мен бала

  • 0
  • 0

– Туһ!..
Жалықтым, неткен шексіз сары дала.
– Шамасы сіз білмейсіз-ау, тебірене толғана.
– Тұншықтырар ойласаңыз, сүреңсіз де, сиықсыз.

Толық

Қарап көріңіз