Өлең, жыр, ақындар

Өнер қарлығаштары

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4814
А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің 10 жылдығына

Бұл қазаққа арыдан
Сиқырлы саз дарыған.
Әншісі мен күйшісін
Бүкіл әлем таныған.
Құрманғазы атаң бар,
Күләштайын апаң бар.
Өрістеткен өнерді
Мұқан менен Ахаңдар.*
Балғын өнер бесігі,
Үлкен өмір есігі –
Бұл мектепке берілген
Жұбановтың есімі.
Өскелең ел жастары,
Қосылыпты бастары.
Қаулап шығып келеді,
Өнер қарлығаштары.
Ән мен күйге бөленген,
Аты шыққан өнермен,
Келешектің керемет
Саңлақтарын көрем мен.

*Бұл жерде Құрманғазы Сағырбаев, Күләш Байсейітова, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтар жайлы айтылып отыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балдырған

  • 0
  • 0

Айналайын Балдырған,
Сүйсе, мейір қандырған.
Құлыншақтай құлдырап,
Шапқан жерін шаң қылған.

Толық

Масақ

  • 0
  • 0

Егістікте еркін өскен бір Масақ
Шыны астында тұрған гүлді аңғарды.
Әрі жылы, әрі жарық үй жасап,
Аялаған адамдарға таңданды.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Шалғайдағы Шушадан
Қамданды Ильич қайтуға.
Жиналар ма мұнша адам,
Жақсы тілек айтуға.

Толық

Қарап көріңіз