Өлең, жыр, ақындар

Тура жолда жүрейік

Адам ата, Хауа ана ұрпағымыз,
Жұмақта болу біздің арманымыз.
Армандаймыз, бірақ біз құран емес,
Музыканы құраннан көп тыңдаймыз.

Адам деген пенде ғой періште емес,
Намаз оқитын адамды теріс демес.
Оқиық бес уақытта намаз, құран,
Намазсыз басымызға бақ берілмес.

Уақытты уақытымен өткізейік,
Ешқашан жаман жақтан көрінбейік.
Əр кезде ар-ұятты болайықшы
Еш жерде нəпсімізден жеңілмейік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз