Өлең, жыр, ақындар

Мамыр ай

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2473
Жанға жайлы жадырай,
Келді көктем мамыр ай.
Сұлулықты соншалық
Жаратушы Тәңір-ай!
Еріп қырдың мұз-қары,
Қыстың кеткен ызғары.
Қызыл-жасыл киінген
Ауылдың бар қыздары.
Ақ тілектер табысып,
Ақ білектер қабысып,
Бала біткен далада
Жүгіріп жүр жарысып.
Бұлақ сылдыр ағады,
Құрақ сыбдыр қағады.
Көбелектер көлбеңдеп,
Қырдан асып барады
Алма, өрік, алшасы –
Гүлін ашқан баршасы.
Кеуделерге қадалған
Қызғалдақтың қаншасы.
Түлеп тоты, тауысы,
Күйге толған тау іші.
Шатқалдарда шадыман
Бұлбұлдардың дауысы.
Тіріліп бар тіршілік,
Бүргендерге бүр шығып,
Еске алады өткенін
Кемпір-шалдар күрсініп.
Желпіп жұпар жел жібек,
Елдің бәрі кең жүрек.
Бір-біріне қарайды,
Мейірлене елжіреп.
Жанға жайлы жадырай,
Келді көктем мамыр ай.
Сұлулықты соншалық
Жаратушы Тәңір-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгі бейне

  • 0
  • 0

Мәңгі бейне жайында
Атам айтқан аңызды.
Мәнді сөзді пайымда
Салмақты да маңызды.

Толық

Иманды мен имансыздар

  • 0
  • 0

Кейбір адам кенет өліп жатады,
Кейбір жастар ерте сөніп жатады.
Кім де болса, жақсы жанның өлімі
Жан жылатып, қабырғаңа батады.

Толық

Иманды ұл Иманғали

  • 0
  • 0

Атыңнан айналайын, Иманғали,
Жаралған жан екенсің иман дари.
Бір аудан болып қалар Алматыда,
Өнерлі адамдарға сыйланған үй.

Толық

Қарап көріңіз