Өлең, жыр, ақындар

Қазақыес

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 3
  • 13846
Күш кемiдi. Айбынды ту құлады.
Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi, күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмтылды.
Елдiк, бiрлiк, ерлiк, қайрат, бақ ардың -
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Таралған түрiк балаларын баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!



Пікірлер (3)

Анон

Қазақ тілі өлеңнің аты

ашимтай улдана

кушти адеми олендер екен

асел

неге быр олен 2 атаумен берылып тур Бызге жаттау керек болган сон олендерды ыздеймыз енбектенып бырак осындай непонятка заттар шыгады Неге бул олен казак тылы деген оленго оны не ушын булай жазып койдындар Быр олен 2атаумен 2жерде бырылсе мерзо корынеды тым жаксы оленды куртасындар осылай

Пікір қалдырыңыз

N-ға

  • 0
  • 0

N-жан, көрмегелі көп ай болды,
Сағындым, жүрегіме қасірет толды.
Ең соңғы көрісуім бақшада еді,
Қыс болды, бақша да өлді, гүлдер солды.

Толық

Бұлбұл

  • 1
  • 1

Сайрайсың мұңды күймен жүз құбылтып,
Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып.
Денені суытасың, ысытасың,
Тұрасың маужыратып кейде жылытып.

Толық

Нағашыларға

  • 1
  • 0

Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа,
Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа.
Көрмесем де, көп кішілік сәлемім
Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.

Толық

Қарап көріңіз