Өлең, жыр, ақындар

Нан

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1145
Көшеде жатса егер бір түйір нан,
Қалтқысыз көзім шалып бір қиырдан,
Қастерлеп, қасиеттеп көтеремін,
Парықсыз пенделерге шын күйіп жан.
Бір түйір болмай қалса қолда наның,
Ашығып, өзек талып, сорлағаның.
Барында бағаламай төгіп-шашып,
Жарай ма адал асты қорлағаның?
Демегін бір түйірді кім алады?
Миллиард бір түйірден құралады.
Тастасаң аяқ асты түйір нанды,
Обалы өз арыңнан сұралады.
Діндар да келтірместен ашық күмән,
Ардақтап нан қадірін, шашыпты ұран:
«Төбеде тұрған нанға қол жетпесе,
Алуға болады, – деп, – басып Құран»
Қаншама болғанымен кеще тегі,
Молда да нан алдында сескенеді:
«Аяққа нанды басып алма, – деген, –
Құранға қол жетпесе текшедегі».
Осылай нанды халқым құрметтеген,
Құрметі құрметке орай құр кетпеген.
Жайылып дастарқан боп дарқан далам,
Астықпен көмкеріліп, қыр көктеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балық пен халық

  • 0
  • 0

Өзіміздің Каспий мен Аралда,
Өліп жатыр Қаракөз, Табан да.
Мұндай теңіз балық үшін таяз ба?
Өліп жатыр Бекіре де, Қаяз да.

Толық

Кеш жарық

  • 0
  • 2

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Толық

Сәлем хат

  • 0
  • 0

Оқитын алыс қалада
Жолдап ем сәлем ағама,
Әкел деп маған бір шана.
Кешікті ағам, келмеді,

Толық

Қарап көріңіз