Өлең, жыр, ақындар

Не етерсің?

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 811
Мен көппін деп тасыма,
Жалғыз қалсаң, не етерсің?
Жан жуымай қасыңа,
Құсалықпен өтерсің.
Жалғызбын деп жасыма,
Жетілерсің, жетерсің.
Бақыт қонып басыңа,
Көпке ұласып кетерсің.
Бір жақсыға тұрмайтын
Көп болғанда, не етерсің?
Бір бүркіттен шулайтын
Көп құзғыннан бетерсің.
Отыз ұл боп тыңдайтын
Арыс болсаң, не етерсің?
Қас жауынан қыңбайтын
Арыстан боп өтерсің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Диірменші

  • 0
  • 0

Сызаттанды диірменнің тоғаны,
Күш алмаған ол әлі.
Тоқтар еді тоған да,
Диірменші қамданғанда табанда.

Толық

Шақырып алып көмекке

  • 0
  • 0

Айналайын басқарма,
Сенің көңлің аспанда.
Шақырып ап көмекке,
Жекіресің жастарға.

Толық

Бұқа мен бұзау

  • 0
  • 0

Мөңкіді бір күн ойнақтап Бұзау,
Демеді мынау жар менен құз-ау.
Шаншылып құйрық, көсіліп аяқ,
Барды да жүрген Бұқаға таяп:

Толық

Қарап көріңіз