Өлең, жыр, ақындар

Батыр баба Бауыржан

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 11384
Бауыржандай батыры бар ел мықты,
Сондай батыр табан басқан жер мықты.
Бар әлемге қазақ атын паш етіп,
Ұрпағына мирас еткен ерлікті.
Жауларына жай оғынан от алды,
От алды да, қорғап қалды Отанды.
Сарбаздарын жеңіс күнге жеткізіп,
Халықының қаһарманы атанды.
Зор даңқымен өтіп мына өмірден,
Өшпейтұғын орын алды көңілден:
Көшелерге, мектептерге, ауылға...
Бауыржан деп, батыр аты берілген.
Бауыржан деп самал жел де осы күн,
Қас батырдың қайталайды есімін.
Бауыржан деп баласына ат қойып,
Аналар да тербетеді бесігін.
Астанада аялы аспан астында
Бой көтеріп кереметтей тас тұлға,
Мәңгі тірі Бауыржанға айналды,
Мақтаны боп кәрінің де, жастың да.
Қатар қойып, шындығына нансаңыз,
Ол – бүгінгі Қобыланды, Алпамыс.
Жалын құйған жүрегіне жастардың,
Бауыржанға бас иеміз баршамыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Той жыры

  • 0
  • 0

Құтты болсын тойлары,
Жарасыпты ойларың.
Бала емессің, жігітім,
Енді ойлағын

Толық

Жайсаңдар

  • 0
  • 0

Өмірде бар ғой, шіркін, жақсы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанып жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көңіліңді тапса жандар.

Толық

Анашым

  • 0
  • 0

Айналайын анашым,
Ақылы асқан данасың.
Дүниеде жоқ шығар,
Сенен өткен жан асыл.

Толық

Қарап көріңіз