Өлең, жыр, ақындар

Мұңайма

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1450
Анау әйел түрімен
Көрікті деп мұңайма.
Талай ерді тілімен
Ерітті деп мұңайма.
Талай ерге наз күліп,
Құшағына енгені –
Желігінің жеңгені.
Анау әйел алтынды
Тақты екен деп мұңайма.
Байдан шығып, әркімді
Тапты екен деп мұңайма.
Әдіре қап мекені,
Әлде кіммен жатқаны –
Аттап адал некені,
Зор күнәға батқаны.
Анау әйел баланы
Таппады деп мұңайма.
Тапқанымен саналы
Бақпады деп мұңайма.
Бала бақпай,
Жыртақтан
Жоғалтқаны ақылын.
Болашақтан – ұрпақтан
Қалғаны құр мақұрым.
Басқалардай сымбатты
Емеспін деп мұңайма.
Еріңе шын қымбатты,
Көріктісің былай да.
Сұлулығың,
Аруым,
Таза арың мен ісіңде.
Құрметтейді қауымың
Сені соның үшін де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір досыма

  • 0
  • 0

Қырыққа келмей,
Ырыққа көнбей,
Есірген есер шағыңда,
Күлдің-ау балқып,

Толық

Ай

  • 0
  • 0

Тынық түнде төбеңде
Төгіп тұрар ай нұрын.
Тұнық көлдің төменде
Тербетеді айдынын

Толық

Айым да сенсің

  • 0
  • 0

Сағындым, сымбатты қалқатайым,
Жасырын жұмбақ болып жүрдің сен.
Сырымды, мұңымды тарқатайын,
Ерекше еркем болып күлгін сен.

Толық

Қарап көріңіз