Өлең, жыр, ақындар

Бір досыма

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1086
Қырыққа келмей,
Ырыққа көнбей,
Есірген есер шағыңда,
Күлдің-ау балқып,
Жүрдің-ау шалқып,
Сұқсырдай сүңгіп сағымға.
Көзіңді сүзіп,
Сөзіңді үзіп,
Сұлуды көрсең сүйініп,
Гүлдерді әппақ
Үлгердің мақтап,
Жүрегің тулап, жиі ұрып.
Сақалың шығып,
Атағың шығып,
Келгеннен кейін қырыққа,
Ойыннан ықтап,
Мойыннан мықтап
Іліндің білем құрыққа.
Өзіңнен биік,
Сезімнен тыйып,
Балақтан тартып балаң да,
Қобарып денең,
Жазбақ боп өлең,
Жармастың қағаз, қаламға.
Өтімді қыздар
Секілді ызғар,
Жанына жақын жолатпай,
Ақылың жеңіп,
Батылың кеміп,
Қайтыпты күшің болаттай.
Ендігі күшің,
Ерлігің – ісің,
Өзіңде, ойлы көзіңде.
Көндіре алсаң,
Өндіре алсаң,
Сиқырлы сұлу сөзіңде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алфавитпен аттайық

  • 0
  • 0

Алфавитпен аттайық,
Айтқан тілді ал, күнім.
Алдыменен жаттайық
Аңдап жүру тәртібін.

Толық

Ақын Күләш

  • 0
  • 0

Айналып өте алмайтын бұбұл әсті,
Желегін желбіретіп бір гүл ашты.
Айнала күлімдеген күнге ұласты,
Айнала тамылжыған үнге ұласты,

Толық

Он жыл бұрын көргенде

  • 0
  • 0

Он жыл бұрын көргенде,
Ор киіктің лағы ең.
Пендең болып мен демде,
Құшағыңа құлап ем.

Толық

Қарап көріңіз