Өлең, жыр, ақындар

Он жыл бұрын көргенде

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 626
Он жыл бұрын көргенде,
Ор киіктің лағы ең.
Пендең болып мен демде,
Құшағыңа құлап ем.
Жұпар шашқан гүлдей бір,
Хош иіспен қош алдық.
Әлі күнге білмеймін,
Болды менде босаңдық.
Құралайын ата алмай,
Қапы қалған аңшыдай,
Тәтті бір тіл қата алмай,
Тайып кеткен бар сыңай.
Жастық шақты жұлып ап,
Шыныдайын уатып,
Барады өтіп зымырап,
Мейірімсіз уақыт.
Құстай ұшып, қалқашым,
Келіп тұрмын қайтара.
Өкпең болса, тарқасын,
Құшағыңды аш айқара.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарт пен көршісі

  • 0
  • 0

Отырғызып жүр еді
Алма ағашын шал кici.
Алқынса да жүрегі,
Келмеді дем алғысы.

Толық

Мен кіммін?

  • 0
  • 0

О, Алла, Алла!
Жерімді, Елімді,
Өзімді жаратқан
Бір өзіңе құлмын.

Толық

Көліктегі көрініс

  • 0
  • 0

Қызғаныш деген қызыл ит
Ішіңе жайлап кіреді.
Ниетіңді түзу бұзып ит,
Жүректі тіліп үреді.

Толық

Қарап көріңіз