Өлең, жыр, ақындар

Квартет

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1887
Есер Маймыл сормаңдай,
Есек,
Теке,
Және Аю қорбаңбай
Квартетте ойнамақ боп ойлады.
Тауып нота, қос қобыз, альт, басты да,
Жайғасты кеп дәу жөкенің астына.
Танытпақ боп таланттарын бойдағы,
Тартты шекті – әуен шыға қоймады.
«Тоқтатыңдар! – деді Маймыл нақұрыс, –
Қайдағы әуен? Дұрыс емес отырыс.
Аю, баспен альтқа қарсы орналас,
Волторнаға қарсы отырам мен-дағы.
Кереметтей күй ойналып сонда, рас,
Тау мен тастың билегенін көр-дағы».
Солай етті тап бірден,
Шықпады әуен тәтті үнмен.
«Тоқтатыңдар! – деді Есек те, – Таптым мен,
Бір қатарға отырсақ біз тізіліп,
Әуен шығар сызылып».
Көріп еді Есекке де бағына,
Шықпады әуен тағы да.
Отыруы турасында кім қалай
Бірталай
Жатқанда олар кергісіп,
Әнші Бұлбұл жақынырақ келді ұшып.
Барлығы оған жалынып: «Бізге көмек бер, – деді, –
Шешу үшін күдікті, бір сағатты бөл, – деді, –
Келмей тұр-ау Квартеттің жөндеуі,
Нота да бар, аспап та бар, көр, – деді, –
Қалай отырған жөн?» – деді.
«Болу үшін музыкант икем керек ең кемі,
Және құлақ алымды, –
Деді Бұлбұл, – достар, орындарыңды
Өзгерткенмен он жерден,
Әуен шықпас сендерден».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем келіп, қыздарды шешіндірді

  • 0
  • 0

Көктем келіп, қыздарды шешіндірді,
Шешіндірді – жанартау төсін түрді.
Қыс бойына қымтанған балтырларды
Кілемінде көк шалғын көсілдірді.

Толық

Ай туралы аңыз

  • 0
  • 0

Ерте кезде алтын Ай
Көкте күміс Күнменен
Қатар қалқып жарқырай,
Қайғы-мұңды білмеген.

Толық

Ұтыс пен ұтылыс

  • 0
  • 0

Алдамшы бір үмітке ерік бріп,
Қалтамдағы барымды беріп-беріп,
Талай күнді батырдым желіктеніп,
Талай таңды атырдым кеміктеніп.

Толық

Қарап көріңіз