Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен ажал

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 883
Қыстың күні шөп арқалап иіле,
Шаршаған шал мұқтаждықтан, еңбектен,
Әрең жүріп келе жатты үйіне,
Аһ-уһлеп тұла бойдан тер кеткен.
Әлі ұзақ соқпағы,
Шал ақыры тоқтады.
Шөпті қойып, өзі соған отырды,
Күрсінді де ойға кетті не түрлі:
«Жарлы жоқ мен секілді.
Жоқтық жеген, қатын-бала тағы бар,
Алым-салық бүгіп болды белімді.
Мен сорлыға қайдан бақыт табылар?
Бір күнім жоқ көңілді».
Осы күймен тілдеп мұндай өмірді,
Шақырды ол өлімді: тұр еді өлім расында
Қасында.
Келді де өлім жақын тым,
Деді: «Неге шақырдың?»
Шал қаһарлы түрін көріп шошынды:
Әрең оған жауап берді күбірлеп:
«Ашуланып шақырғам жоқ, ұғын тек,
Көтеріссін деген едім отынды».
* * *
Мысалдағы түйінді
Былай деп сен есепте:
Өмір сүру қанша ауыр десек те,
Өле салу одан-дағы қиын-ды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойға кеттім

  • 0
  • 0

Ойға кеттім өзімді тексеріп көп,
Оңай емес керуен көшке ілікпек.
Жүрер ме екем еленіп ел аузында?
Қалам ба әлде елеусіз естелік боп?

Толық

Кеш жарық

  • 0
  • 2

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Толық

Майлар

  • 0
  • 0

Крем, опа-далабың
Болатқа оның бәрібір.
Кез келгенін жағады,
Дей алмайсың «әрі жүр».

Толық

Қарап көріңіз