Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен балта

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1457
Ұста бірде Балтасына жекірді,
Ашуланды болмаған соң өтімді:
Өзі әр нәрсе шабады,
Балтаға айып тағады:
«Оңбағансың! Тап бүгіннен, – деді әрі, –
Сенің ісің қазық жону болады.
Асқан шебер өнеріммен алда мен
Текке қарап тұрмай-ақ,
Сені керек қылмай-ақ,
Пышақпенен тындырамын сонда мен
Басқалардың істемесін балтамен».
«Не бұйырсаң, соны істедім мен күнде, –
Иесіне Балта жайлап тіл қатты. –
Иә, солай, қымбаттым,
Бәрі сенің еркіңде;
Айтсаң болды, мен несіне тартынам?
Бірақ, ием, жүрме ренжіп артынан:
Текке менің кетіргенмен күйімді,
Бір пышақпен сала алмассың үйіңді».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйғырларға

  • 0
  • 0

Түркі тектес бауыр емес пе едіңдер?
Өз алдарыңа қауым емес пе едіңдер?
Бір кездері Қытайдан қорлық көріп,
Керемет зорлық көріп,

Толық

Қора күтуші қарт

  • 0
  • 0

Көптен маған таныс еді қарт кісі,
Жүзі жылы,
Жаны жайсаң мәрт кісі.
Көрген сайын күлім қағып әкемдей,

Толық

Соқпақтар

  • 0
  • 0

Қарақұм бұл –
Жолсыз дала көсілген.
Алақанның
Аясындай өресі,

Толық

Қарап көріңіз