Өлең, жыр, ақындар

Құмырсқа

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1472
Бір Құмырсқа күшті бопты ересен,
Өмір сүрген өте ерте заманда.
Тіпті бар ғой (тарихшы айтқан не десең)
Қос арпаны көтере алған табанда!
Өзін асқан алып санап ақымақ,
Құртты көрсе, сорыпты.
Жалғыз барып бақылап,
Өрмекшіден қорықпайтын болыпты.
Атақ пен даңқ оны ерекше бөледі
Илеуінде өзінің,
Кілті болды барлығының сөзінің.
Артық мақтан дертпенен тең дер едім,
Ал, Құмырсқа мінезі өзге ер еді:
Мақтауды артық көретін,
Мақтағанға артық баға беретін,
Соған ғана сенетін.
Келді бірде қалаға оның барғысы,
Күшіменен артық атақ алғысы.
Шөп артқан бір шаруаны көрді де,
Ақырындап шөп ішіне енді де,
Кірді жайлап қалаға ол паңдана;
Қандай соққы, бұл қорлыққа көнер ме?
Ойлап еді барлық халық көрер деп,
Жолын тосып өлер деп,
Бірақ, ешкім қарамады таңдана;
Әркімнің өз тірлігі бар, ермегі.
Ал, Құмырсқа жапырақты сүйрелеп,
Әуреленді неше түрлі күйге кеп,
Бірақ, ешкім Құмырсқаны көрмеді.
Шаршады әбден, бос бейнетке тойынды-ау,
Айтты ақыры Төбетке кеп ол сырын
Қорып жатқан қожасының қоқсығын:
«Шындығында керек-ақ қой мойындау,
Сендердің бұл қалада
Адамдарда жоқ екен ой-сана да.
Танымайтын бұлар сонша кім еді?
Сағат бойы күш жұмсадым тырысып;
Ал, біздерде, дұрысы,
Мені барлық Құмырсқалар біледі».
Қайтты ақыры илеуіне ұялып.
Санап өзін тым алып,
Кімде-кім
Кереметтей шулар болса күнімен,
Таңдандырар мұнымен
Тек өзінің илеуін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұрттың мәні

  • 0
  • 0

Сәндемек боп сырт бойды,
Мәкең бірде мұрт қонды.
Күрт жымия қарасып,
Түкпірдегі түртті ойды.

Толық

Кім көріпті мұндайды?

  • 0
  • 0

Кім көріпті мұндайды?
Кім білмейді Тынбайды?
Арыз жазып домалақ,
Күні-түні тынбайды.

Толық

Білмейді

  • 0
  • 0

Күнді де біреу күн дейді,
Жарқыраған нұр дейді.
Бірақ, күннің өзінде
Түнек барын білмейді.

Толық

Қарап көріңіз