Өлең, жыр, ақындар

Үкі мен есек

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 852
Соқыр Есек ну орманда адасты
(Ұзақ жолға бет алған-ау ол әсті).
Түнде ұрынып ну жынысқа есалаң,
Қозғала алмай тұрып қалды, не шара?
Көзі бар да шыға алмас-ау еш одан;
Кезікті Үкі бақытына қарасты.
Бейшараны алу үшін құтқарып,
Жол бастады. Әрине, Үкі қырағы:
Ой-шұқырды, төбешікті, жыраны
Бәрін көріп күндізгідей тіпті анық,
Сол Есекті тура жолға шықты алып.
Қалай қимақ мұндай досты өтімді?
Үкіге Есек бірге бол деп өтінді,
Сол Үкімен кезбек болды әлемді.
Үкі ырза болды да,
Есекеңе қонды да,
Жолға шықты; не болды ақыры ал енді?
Күннің көзі шыққан кезде нұр шашып,
Үкінің көзін кетті қара түн басып.
Сонда-дағы Үкі бұл
Оңды-солды айта берді үкімін:
«Тоқта! – деді, – Шалшық шығар оңыңда», –
Шалшық емес, балшық тұрды жолында.
«Тағы солға, енді біраз солға жүр!»
Құлады ақыры екеуі де орға бір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәдемі

  • 0
  • 0

Айналайын Мәдемі,
Атың қандай әдемі!
Айтулы қыз болсын деп,
Ата-анаң дәмелі.

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 0

Тарылып тұтқиылдан бұл тынысым,
Жүрегім, жиіледі бұлқынысың.
Төңірек түнереді неге сонша?
Күн көріп келдім бе әлде құлұын үшін?

Толық

Қасиетті кескін

  • 0
  • 0

Қашан да құрмет патшаға,
Көндіккен соған санамыз,
Суретін сәндеп саламыз
Теңгеге, яки ақшаға.

Толық

Қарап көріңіз