Өлең, жыр, ақындар

Меңгеруші қоян

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1627
Таныстардың сыйлығымен,
Арыстанның бұйрығымен
Қоянға бақ қона қалды,
Меңгеруші бола қалды.
Шағын ғана бөлімшеде
Барлық билік берілсе де,
Қоян бірақ қорқақ еді,
Шаруаға шорқақ еді.
Ешкім оны тыңдамады,
Соншалықты қыңбағаны:
Ит өзінше жүріп кетті,
Иттік жасап, үріп кетті.
Түлкі өзінше жүріп кетті,
Қулық жасап, күліп кетті.
Аю баққа кіріп кетті,
Омартаны іліп кетті.
Бөрі отарға кіріп кетті,
Біраз койды қырып кетті.
Бәрі осылай жүріп жатты,
Қоян үнсіз бұғып жатты.
* * *
Ұқ мысалдың мәнісін:
Болса да мың танысың,
Қолдан келмес билікке
Қоян болып килікпе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыйлық пен бұйрық

  • 0
  • 0

Асыра орындап жоспарын,
Сыйлығын жуды Қошқарың.
Сіміріп қызыл, ағыңды,
Алдымен өзі қағынды:

Толық

Жанұя

  • 0
  • 0

Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя – бар кісіде.

Толық

Екі ит

  • 0
  • 0

Бір мырзаның Барбосы
Әлді өзі
Жаны қалмай үріп жүрді таңда осы.
Көрді бірде ескі досын өзінің,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер