Өлең, жыр, ақындар

Қалталар

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 815
Бір-біріне барабар
Бізде екі бала бар.
Бірінің аты Балтабай,
Екіншісі Қалтабай.
Жұлдыздан да көктегі
Қалталары көп тегі.
Бірінен мақта шығады,
Бірінен шаппа шығады.
Бірінен сым шығады,
Бірінен жүн шығады.
Бірінен тарақ шығады,
Бірінен парақ шығады.
Бірінен сабан шығады,
Бірінен қалам шығады.
Бірінен айнаның сынығы шығады,
Бірінен өзінің шұлығы шығады.
Бірінен дәрі шығады,
Әрі іздесең, әлі шығады...
Әйтеуір, қойшы,
Не керек, соның бәрі шығады.
Ұры қалта,
Ірі қалта,
Міне, қалта,
Әне, қалта.
Сөздің қысқасы,
Киімінің бәрі қалта.
Іш қалтасы, жанқалтасы,
Сырт қалтасы, тар қалтасы,
Жең қалтасы,
Кең қалтасы,
Ығай-сығай бар қалтасы.
Етек қалта, төс қалтасы,
Әйтеуір, жоқ бос қалтасы...
* * *
Тап осындай Қалтабай
Арамызда бар талай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бастау

  • 0
  • 0

«Әліппені» аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Алла дейміз әуелі,
Алла сөзі әдемі.

Толық

Серік

  • 0
  • 0

Жаздан кейін Серікті
Кімдер қайдан көріпті?
Жайлаудан ол қалаға
Қап-қара боп келіпті.

Толық

Асқар таулы, дарқан даласы бар

  • 0
  • 0

Асқар таулы, дарқан даласы бар,
Астанадай шаңқан қаласы бар,
Ел басқарған дана баласы бар,
Жасай бер ғажап Қазақстан!

Толық

Қарап көріңіз