Өлең, жыр, ақындар

Ақылдан ойға сыр тарап...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 0
  • 14860
Ақылдан ойға сыр тарап,
Үмiттiң шамы жанған күн,
Жар есiркеп берi қарап,
Нұрына жүрек қанған күн.
Ескi иманды отқа өртеп,
Асыл иман алған күн,
Асық жарды таптым деп,
Хақиқатқа нанған күн.
Саяз ойлы сыншылдың,
Қаруы адыра қалған күн.
Кеудесi тар күншiлдiң,
Үмiтiн өрт шалған күн.
Жар нұрына мас болып,
Жаралы жүрек талған күн,
Баянсызға қас болып,
Аққа көңiл салған күн.
Тауып алып тiлектi,
Ұстап тұрып бiлектi,
Саналы шерлi жүректi,
Сары алтынға малған күн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Криз патша

  • 1
  • 2

Баяғы атақты Айса тумай тұрып,
Криз деген хан болған дәурен сүріп.
Өктемдікпен зорайтқан патсалығын,
Маңдағы нашар елдің бәрін қырып.

Толық

Қобызым неге сарнайды...

  • 1
  • 2

Қобызым неге сарнайды –
Ажалдан хабар бередi.
Сыбызғым неге зарлайды –
Деп тұр: «Ием өледi!»

Толық

Қожа Хафиз сөзінен

  • 1
  • 0

Көрiнiске шоқынған,
Сопы бiздi не бiлсiн.
Не десе де сыртымнан,
Ренжiмеймiн, неғылсын.

Толық

Қарап көріңіз