Өлең, жыр, ақындар

Аңқау ана, қу қасқыр және шал

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1321
Тірлігі бар аз-көпті
Кемпір мен шал өтіпті.
Бір ит, бір ат, бес тоқты –
Соны ермек етіпті.
Қасқыр келіп бір күні,
Сығалады қақпадан.
Құрып сонда құлқыны,
Ән шырқады мақтаған:
– Апай, атай үнемі
Бес тоқтысын бағады.
Иті аулада үреді,
Аты елең қағады
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, от тілі.
Шүкіршілік барына,
Берейік бір тоқтыны.
Бір тоқтыны жеп алып,
Жауыз жақсы дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Апай, атай үнемі
Төрт тоқтыны бағады.
Иті аулада үреді,
Аты елең қағады.
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, от тілі.
Шүкіршілік барына,
Берейік бір тоқтыны.
Бір тоқтыны жеп алып,
Жауыз жақсы дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Апай, атай үнемі
Үш тоқтыны бағады.
Иті аулада үреді,
Аты елең қағады.
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, от тілі.
Шүкіршілік барына,
Берейік бір тоқтыны.
Бір тоқтыны жеп алып,
Жауыз жақсы дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Апай, атай үнемі
Қос тоқтыны бағады.
Иті аулада үреді,
Аты елең қағады.
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, от тілі.
Шүкіршілік барына,
Берейік бір тоқтыны.
Бір тоқтыны жеп алып,
Жауыз әбден дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Апай, атай үнемі
Бір тоқтыны бағады.
Иті аулада үреді,
Аты елең қағады.
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, от тілі.
Шүкіршілік барына,
Берейік бір тоқтыны.
Бір тоқтыны жеп алып,
Жауыз әбден дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Апай, атай үнемі
Маздатып от жағады.
Иті аулада үреді,
Аты елең қағады.
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, не дейік?
Шүкіршілік барына,
Итімізді берейік.
Итті-дағы жеп алып,
Жауыз әбден дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Апай, атай ақылды,
Маздатып от жағады.
Тықырлатып ақырды,
Аты елең қағады.
Кемпір айтты шалына:
– Әні әдемі, не дейік?
Шүкіршілік барына,
Атымызды берейік.
Атты-дағы жеп алып,
Жауыз әбден дәндепті.
Келер күні оралып,
Қасқыр тағы әндетті:
– Біздің апай шалымен
Көптен бері тұрады.
Қош айтысып малымен,
Тынышталды құлағы.
Кемпіріне шалы айтты:
– Қу екен тым жауызың.
Бізге талай ән айтты,
Мың құбылтып дауысын.
Ойлап тұрсақ, обал-ай,
Барымызды тауысты.
Тойымсыз бұл қомағай
Өзімізге ауысты.
Барайын да енді өзім,
Табайын бір айласын.
Барымызды бергесін,
Көрейік бір пайдасын.
Қасқырға айтты шал енді:
– Алдыңда тұр жұқа шал.
Жейтін болсаң, ал енді,
Бітеудейін жұта сал.
Қасқыр қаңбақ шалыңды
Жұта салды ойланбай
Шал қампиған қарынды
Жара салды ойрандай.
Жайратты шал жоқ қыла,
Ал қасқырдың терісін
Кездігінің күшімен.
Тон қылам деп сылыпты.
Ит те, ат та, тоқты да
Кемпір мен шал көрісіп,
Түгел шықты ішінен.
Ұзақ өмір сүріпті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаруа мен жылан

  • 0
  • 0

Шаруаға жақын келіп Жылан бір,
Былай деді: «Көршім, тату тұрайық!
Енді менен сескенуің шын айып;
Көрмеймісің, еш түрім жоқ күмәнді,

Толық

Егіздер туралы түсінік

  • 0
  • 0

Жап-жас ана!
Қандырып кәусарымен,
Кезек құшып,
Аймалап аңсарымен,

Толық

Тал тағдыры

  • 0
  • 0

Үй алдында еңселі
Бір тал тұрды теңселіп.
Көктем сайын құлпырып,
Көкке қарай ұмтылып,

Толық

Қарап көріңіз