Өлең, жыр, ақындар

Қытай - Дубай

Болмадық Қытайдай,
Жетпедік Дубайға.
Саспаймыз, жатамыз,
Тапсырып Құдайға.
Қашан біз дамимыз,
Өсеміз біз қашан?
Сенеміз ертеңге
Давайдан-давайға.
Жаңа Қазақстан,
Қарызстан, штрафстан
Берешек АҚШқа
Жолынан шатысқан
Ата заң шпаргалка
Ант ішу ойыншық
Қай жерден қателік,
Адастық қай тұстан?
Ұрлатып жеріңнің,
Мыңғырған байлығын,
Бел үзер ер құны,
Байлардың шайлығы.
Қашаннан шүкіршіл,
Тәубәшіл болдық біз?
Бір айдан-бір айға
Жете ме айлығың?
Пайда жоқ алтыннан,
Кіріс жоқ мұнайдан.
Бағалар, айыппұл,
Қарыздар ұлғайған.
Банкирлер есірді,
Пайызды өсірді
Хабар да мақтанып,
Өтірік құрайды ән.
Сайланған әртістің
Маскісі шешілді,
Қазына қорының
Қоржыны тесілді.
Кемірді крысалар
Билікте отырған.
Шүкір де Аллаңа
Құдайың кешірді.
Айқайлап, айқайлап
Қарлықты тамағың,
Әділсіз сотталды
Тергелді тарланың.
Қырылып қаңтарда,
Өртеніп орманың,
Топан су таяды
Таусылды амалың.
Бейбіт күн, бас аман,
Қайтесің? Үндеме!
Жағады бәріңе
Осылай сөйлеген.
Қара су, қара нан
Жетеді бір күндік.
Жүре бер тып-тыныш
Түспейсің түрмеге.
Түспейсің дүреге,
Үтікке күймейсің.
Алаңға шықпасаң
Азабын шекпейсің.
Сенсіз де жетеді
Ақықымақ батырлар
Көтті қыс жат үйде
Ешқайда кетпейсің.
-Деп айтар үйдегі
Ата-анаң қатының,
Сезеді өйткені
Ерліктің ақырын.
Ақиқат жолында
Таппайсың әділдік.
Дубайың шалғайда,
Қытай мың шақырым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз