Өлең, жыр, ақындар

Өскен жер

  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 2407
Тоқтат, дос, осы араға машинаңды,
Қарашы көз сүрінткен жасыл маңды.
Басталған балалықтың бал дәурені,
Осы жер өскен ортам жасымдағы.

Кең сарай алты бөлме аппақ шатыр,
Ішінде салатынбыз ұлан-асыр.
Ел көшкен, сәні кеткен, жылдар өткен,
Құлаған ақ діңгек боп орны жатыр.

Айнала қауқиып тұр шөптер өсіп,
Жұрт қалған, өзгеріпті құмдар көшіп.
Баяғы алты бөлме үй орнында
Қалыпты аппақ болып бір төмпешік.

Осы үйде өткен менің балалығым,
Ойласаң көңіліңе салады мұң.
Отыз жыл өткен екен оралғанда –
Келді деп қолдан бүгін алады кім?

Әрқайсысы сай тасындай іріктелген,
Елу бес шаңырақты біріктірген.
Кезінде өте сәнді ауыл еді,
Кең көше, ақ үйлері көрік берген.

Базары балалықтың басылған-ды,
Бақытым осы арадан ашылған-ды.
Сенсің ғой өскен жерім мәңгілікке,
Жүрекке сақталатын асыл мәңгі.

Кетсе де уақыт ұрлап қанша жылды,
Көре алмай өскен жерді жан сағынды.
Жарысқан жалаң аяқ ақшаңдағым,
Баса алмай тұрмын саған аңсарымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұлу Көкше

  • 0
  • 0

Көк күмбез, көгілдір тау, көкте Көкше,
Көк тастан баспалдағы текше-текше.
Жаныңды жадыратқан саф ауасы,
Ерекше жер жаннаты Көкше емес пе?

Толық

Анамен әсем бәрі де

  • 0
  • 0

Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар,
Бәріне тұрған бақ тілеп.

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Байсалды, жомарт жүрек әкем едің,
Өсірдің өз қолыңмен мәпеледің.
Қадірің өткенінде кей кездерде,
Еске алып қайта-қайта әке дедім.

Толық

Қарап көріңіз