Өлең, жыр, ақындар

Әсем қала-Алматым

  • Oral
  • 19.10.2019
  • 0
  • 0
  • 982
Бұ шаһарда бүгін де, кеше де өнер,
Қызығына тоймайтын көшедегі ел.
Париж халқы қызғанып қалар, бәлкім,
"Әсем қала" - Алматым десем егер.

Жарық шамдар ұзартқан көше өмірін.
Тамшысы нұр іспеттес нөсерінің.
Ұқсайды Амазонка ағысына,
Елемесек көліктер есер үнін.

Ал өзіме майда жел сазы ұнаған,
Жолаушының табатын назынан ән.
Көркіне қашанда көз тоймайтын,
Алматым бір бикештей - нәзік адам.

Мәшһүр болып дүниенің бар еліне,
Талайлардың шипа боп жан еміне.
Ару қалам айналып үлгеріпсің,
Қалалардың даңқты короліне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз