Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс батыры

Қалыңдап тарихтың парағы,
Отты жыл алауы жанады.
Кешегі жеңімпаз солдаттар,
Бүгінде азайып барады.

Ардагер мәңгілік санатта,
Қанды жыл естелік парақта.
Жүректе сақталды батырлар,
Санаңмен зерделеп сабақта.

Жеңіспен оралған жауынгер,
Бұған да қуанды қалың ел.
Отанды аппаттан сақтаған,
Ержүрек батырлар кемеңгер.

Бақытпен нұрланды еліміз,
Жайқалсын бейбіт күн гүліміз.
Жеңістің туы да жығылмай,
Шырқалсын көгінде жырымыз.

Еліміз жеңісің тойлансын,
Жойылмас тыныштық орнасын.
Кешегі жеңімпаз батырдың,
Ерлігін ұрпағы жоймасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз