Өлең, жыр, ақындар

Ат

  • 23.03.2015
  • 1
  • 4
  • 59027
Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің?
Жабығып неден көңілің, түсті еңсең?
Ерігіп, ауыздығың қарш-қарш шайнап,
Бұ қалай,бұрынғыдай сілкінбейсің?
Әлде мен бабың тауып бақпадым ба?
Болмаса жемнен қысып, сақтадым ба?
Әйтпесе, әбзелдерің сәнді емес пе?
Жібектен тізгініңді тақпадым ба?
Малдырып саф алтынға үзеңгіңді,
Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
Жауабы иесіне берген аттың:
«Сұрайсың не себептен мен жабықтым?
Алыстан құлағыма келер дүбір һәм даусы
керней тартып, атқан оқтың.
Кісінеп себебім сол мен аһ ұрған,
Көп жүріп далада енді сейіл құрман.
Әбзелмен жарқыраған әсем басып,
Аз қалды сыйлы, сынды күндер тұрған.
Жақында жаны ашымас жау кеп шабар,
Қалдырмай әбзелімнің бәрін тонар.
Соқтырған шын күмістен тағаларды
Суырып аяғымнан, олжаланар.
Күйзеліп, жаным ашып, ауырып бек,
Қайғырып, уайым ғып, тұрмын жүдеп.
Орнына желпуіштің терінді әкеп,
Терлеген бүйіріме жабады деп».



Пікірлер (4)

Абдулла Төлеген

Менің пікірімше Ахмет Байтұрсынұлы ның өлеңдері ұнады
Ахмет Байтұрсынұлы керемет ақын және жазушылығы маған ұнады.

Абдулла Төлеген

Ахмет Байтұрсынұлы керемет ақын жазушы.

Абдулла Айдана

Маған ақын жазушылардың барлығы ұнайды . Соның ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін Ахмет Байтұрсынұлы ның өлеңдері маған керек болды. Сізге рахмет айтқыайтқым іеледі

Серікбай Айзере

Керемет.

Пікір қалдырыңыз

Жауап хаттан

  • 1
  • 1

Аманбыз, жезде,
Солай ма сізде?
Амандаспақ — жол, әдет.

Толық

Маймыл

  • 1
  • 3

Жер жыртты ерте тұрып қарашекпен,
Қашаннан кәсібі еді егін еккен.
Асырап қатын-бала еңбегімен,
Кісі еді күшін жегіп ауқат еткен.

Толық

Қасқыр мен мысық

  • 2
  • 2

Орманнан Қасқыр келді елге қашып,
Алақтап, не қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр шапқыласып.

Толық

Қарап көріңіз