Өлең, жыр, ақындар

Бәрі де, Ана

  • 25.10.2019
  • 1
  • 5
  • 105545
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.



Пікірлер (5)

Жібек Серікбай

Ана туралы кеңінен айтылған екен тоқсан ауыз сөздің түйіні жақсы керемет

Myrza

Өте тамаша!

жақм

Өте жақс

Айша

Қадыр Мырза Әли
Бәрі де, Ана - ұнады

Али

Оте катты унады

Пікір қалдырыңыз

Орман

  • 0
  • 0

О, табиғат!
Хауанадай кәрі анам!
Орманыңа өзге көзбен қарағам:
Зәулім-зәулім перзенттерің болмаса,

Толық

Иттігін көріп жаққының

  • 0
  • 0

Иттігін көріп жаққының,
Жүдейсің іштей,
Жыласйсың.
Айтқанын істеп ақылдың,

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Шуағына жылынып,
Самалына салқындар,
Қошақаным, құлыным,
Қазақ деген халқың бар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар