Өлең, жыр, ақындар

Уақыт деген...

Уақыт деген,
Айдауыңмен жүрмейді.
Бір рет өтсе қайта айналып келмейді.
Шексіз әлем, теңіздер мен өзендер,
Өсімдік те уақытымен гүлдейді.

Уақыт деген,
Көрсетеді көрмейді,
Әр істеген істеріңді реттейді.
Кімнің адал, кімнің жалған боларын,
Бұл уақыттан артық ешкім білмейді.

Уақыт деген,
Емші дейді ем дейді.
Құндылығын бәрі біле бермейді.
Бір асығыс жолаушыдан сұрасаң,
«Уақыт деген алтынменен тең» дейді.

Уақыт деген,
Билік құрған хан мейлі.
Оған қарсы заңның өзі жүрмейді.
Ел арманы, келешектің мақсаты,
Еншісінде уақыттың тұр дейді.

Уақыт деген,
Бар әлемді билейді,
Ешбір ғажап оған теңдес келмейді.
Уақыт деген,
Дүниенің басы боп,
Бір Алланың ғажабымен жүр дейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер