Өлең, жыр, ақындар

Жалған қыз

Махаббатқа ақылшы кілең дана,
Сен дегенде болатын елең сана.
Жасандылық тұнып тұрған ғаламнан
Шынайылық күтіп едім сенен ғана...

Жете алмай мәресіне жияр көп,
Сенде ғана жүгіртетін қиял көк.
Тәкәппарлық танбаған тұла бойдан
Көрініп ең алғашқыда ұяң боп.

Ойладымба күтер деп алдан құз,
Жасадың ғой көңілдегі балдан мұз.
Сезіміме серік қосқан уақытша -
Риясыз болып шықтың жалған қыз...

Жалған қыз - таттырдың дәмін жалғанның,
Жетегінде жүргенімде арманның.
Шынайылық күту енді далбаса
Кездесерін білмесемде алдан кім?!

Жүректен жүрекке тек жалғанар,
Тақпайықшы бал сезімге жалған ар!
Бақыттың барына да амал бар,
Шынайы болайықшы адамдар!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз