Өлең, жыр, ақындар

Қазақ қызы

  • Aaa04
  • 23.11.2019
  • 0
  • 2
  • 4185
Қазақ қызы қырмызыдай сұлусың,
Кейбіреуге өмір бойы жылусың,
Қазақ қызы қырық үйден тыйылған
Əр қазақтың тəрбиелеген гүлісің.

Қазақ қызы бар қазақтың сəнісің,
Нəзік үнді бейне бір сен əнбісің,
Жүректерге көп жылулық сыйлаған
Көңілдегі сен аяулы жанбысың.

Қазақ қызы тек қазаққа лайықсың,
Күлгенде сен жайнап тұрған Жайықсың,
Мөлдір көзің біраз сырды жасырған
Қарай қалсаң тұңғиыққа батырған.

Қазақ қызы кем түспейтін майталман,
Мен осыны дəлдікпенен айталам,
Білемін мен сен Əлия қанысың!
Мен білемін сен қазақтың жанысың!



Пікірлер (2)

Айару

өте керемет

Айару

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар