Өлең, жыр, ақындар

Досыма

Досым,
Сен мұңайма!
Тәңір хақы осы ма?
(Сезім сыны қатты болған, шошыма.)
Періштесі болған дертке дауа бар,
Терезеңді айғыздаған қасірет
Дүниенің түсі сары екенін
Көрсетпейді. Қосылам!
Жаңарына жұтылардай кеңістік,
Ол аязға мен үсіп
Талай жүргем
Әр жолыма тамып-тамыпсезімім...
Ол кездерім ең ыстық!
Күз жауғанда келмесе,
(Жанның хақы тең десек)
Алақаннан ұшып кеткен жапырақ,
Жетелейді, перідей,
Адастырып өз ішінде мұңыңның
Өріміне жағаласып бұрымның,
Кетпесіне кім кепіл?
Айта бергін түнге сыр.
Бата берме мұңға бос.
Уысымнан уақыт сусып кетер деп
Алақаныңды жұмба, дос!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз