Өлең, жыр, ақындар

Әттең

Әттең - әттең

Сағынасың  түнімен  жын  ұрады,
Қалай - қалай бұл өмір құбылады.
Қол ұстасқан бақытың кеше ғана,
Ертең басқа біреумен қыдырады.

Жеміне айналдырып сызат қайғы,
Сағыныш сағым қуып тұсатпайды.
Қызғанышқа жаныңды қуырсаңда,
Ол   түбінде   өзгені   құшақтайды.

Әттең бұлай болмауға тиіс еді,
Қаламаған тағдырлар түйіседі.
Ол ерінді сен қалап тұрғанымен,
Өзге   ерінмен   бәрібір  сүйіседі.

Өмірғой  у - береді  сый  береді,
Бақыт  емес  бәрінің  түйрегені.
Үйленемін осымен деген жаның,
Басқа адаммен күлімдеп үйленеді.

Осы шығар жалғанның күйбелеңі.

Автор : Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз