Бәрі жақсы
«Бәрі жақсы , керемет , бәрі күшті »
Күн сәулесі сүйсініп тағы құшты,
Жүрек жаным сезімге бағынышты,
Жақсы көрем ып-ыстық сағынышты.
«Бәрі жақсы , керемет , бәрі күшті »
Күн сәулесі сүйсініп тағы құшты,
Жүрек жаным сезімге бағынышты,
Жақсы көрем ып-ыстық сағынышты.
Бәрі бітті дегенде басталады,
Ашылады өмірдің қас қабағы.
Оянады кеудеңде алып арман,
-Қуаныштан жанарда жас қалады.
Мен бір күні, лапылдаймын жанамын,
Түбін жазып жүректегі жараның.
Менсінбеген баяғыда кеудеңнің,
Күліп тұрып , зәре құтын аламын.
Өмір деген - тоқтығы емес қарынның,
Өмір деген - адалдығы арыңның.
Саған тілер жалғыз менің тілегім,
Қадірін біл қолыңдағы барыңның.
Арбалдым сиқырлы әр қылығыңа,
Алдандым жел тербеген бұрымыңа.
Ерітіп жұмыр етті кеудедегі,
Сезімнің тұншықтырдың тұнығына.
Түнгі көше шамдары тізбектелген,
Нәзік үміт секілді күзді өткерген.
Қара түнде алыстан сығырайып,
Сағынышым іспеттес іздеп келген.
Күзгі мұңға ауғанда жаз желегі,
Көңіліме көңілді ой аз келеді.
Әсем шаршы құрасып ұшқанымен,
Көкте тырна, жердегі қазда өледі.
Сағындым, Әке сені шыныменде,
Өмірдің нұры аспанда гүлі жерде.
Табиғат жасы жаңбыр дауыл шері,
Әкемнің жаны көкте үні менде.
Уақытқа қарсы тұрар жоқ амалым,
Кептеді көп жолыңды орама мұң.
Қылтиса маңдайыңнан ағарған шаш,
Ойыма ауыр мұңды көп аламын.
Уылжыған дидарыңа нұр құйылып,
Ынтызарғып еріксіз тұрды үйіріп.
Жанарыңнан, шарпыған жалыныңа,
Бір өртеніп отырмын бір сүйініп.
- Жан-Жак Руссо
- Жан-Жак Руссо
- Платон
- Ыбырай Алтынсарин
- Аристотель