Жығылма

Жығылма
_
Мынау  ақшаң,
Мынау бақыт,
...міне кел,
"Демейді ешкім "–
... ұмтылмасаң түбі егер.
Басты   көтер!..
...Алла   өзі   қолдайды,
Ешкімненде...
    көмек  күтпей  түрегел!..
_
Өз  -  өзіңе  өзің   жаусың  шынында ,
Бүгін болған қыйыншылық бұрында.
Қыбырлаған жаның болса кеудеңде,
Болмашыға жыламсырап жығылма.
_
Басыңдағы   қара   бұлтта   көшеді,
Қайта айналып келмейді енді кешегі.
Өмір  алда , алға  қара  көзіңді  аш…
Еңбек  етсең  бағың  өзі - ақ  өседі.
_
Сүйенішің   болмасада  түк  мейлі,
Уақыт   тіпті   аямайды    күтпейді.
Қалтаңдағы соңғы теңгең бітседе,
Өмірдегі   мүмкіндіктер    бітпейді.
_
Барында  көр бұл өмірдің жоғында,
Бәрін  еңсер  не  жолықса жолыңда.
Болмайтынды болдырасың тырыссаң,
Өз  өмірің  тек  өзіңнің  қолыңда...
_
Авторы :  Нұрбек Бекұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)