Мен бір күні...

Мен бір күні...
_
Мен бір күні, лапылдаймын жанамын,
Түбін  жазып  жүректегі  жараның.
Менсінбеген  баяғыда  кеудеңнің,
Күліп тұрып  ,  зәре құтын аламын.
_
Бүгін мейлі , тынысымнан тарылам,
Мен бір күні , ауыр  мұңнан арылам.
Тұнып  -  тынып  ақыры  мен оянам,
Мөлдіреген, бұлақ болып жарылам.
_
Сырт көздерге бейшара бір сығаймын,
Десе -  десін , мен  оғанда  шыдаймын.
Сабыр  -  сабыр ,  сабыр  түбі жеткізер,
Бағым  жанар  ,  көзі  түссе  құдайдың.
_
Қазір  кіммін  ертең  кіммін  кім  білер,
Аман болсын тілің жанды тілгілер.
Алма  кезек   дөңгелеген  жалғанда,
Кезек келер мыйығымнан бір күлер.
_
Автор: Нұрбек Бекұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)