Өлең, жыр, ақындар

Поездағы ой

Поездағы ой.......

Жігерім арманға көп сұғынғанда,
Өміріме  қиындық  шұбырғанда.
Поезд жолға арнамды бұрып тұрам,
Үміт жолы  ұзаққа жығылғанда.

Өз елімде жүргенімде ерініп,
Тақ - тақ етіп темірлері тебініп.
Ұзын поезд алдыма кеп тоқтады,
Маубас менің жүрегімдей керіліп.

Қытымыр қырсық неткен бақ сараң,
Сынаққа көп ұшырайды жақсы адам.
Еншісінен құр қалғандай ентелеп,
Адамдар көп вагон маңда қаптаған.

Вагон, колидор ұзынынан басталған,
Көңілді адам түсу жанға басты арман.
Ақ жұмаққа аттанғандай барлығы,
Ақ көрпемен ақ жастықтар жастанған.

Көңіліме  күдік  еніп  тұйықтау,
Қол бұлғап, қалып барад биік тау.
Серік болса әңгіме айтып күлесің,
Болмаса ол қатқан күйі ұйықтау.

Аласұрып ішім маздап шерленіп,
Жолыма бақ пен қайғы тең келіп.
Теңселіп рахат кешіп барамын
Бесіктегі сәбилерше тербеліп.

Терезеден өткен жолға жүз қарап,
Кең жазира далаға ойды тұздап ап.
Ирелеңдеп жүрдек поезд барады,
Жүрген ізі тағдырымды сызбалап.

Көрсемдағы өмірде көп шыжықты,
Жамап келем жыртылған әр үзікті
Жалғандағы тірлік емес осы күн,
Поездағы өмір маған қызықты.

Автор : Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз