Биіктік
- 0
- 0
Жаңылмайтын жарық күнде пенде жоқ,
Тек тәубеге қайта алса болғаны.
Кесел тисе, әумесерлеу, елде жоқ,
Бәрін, түге, қайта бастау... Ол – ЗАҢы!
Армандар, кейде, тым алыс,
Көгілдір тұман, мың елес.
Күлудің бәрі қуаныш,
Жылаудың бәрі мұң емес.
Жазам деумен өмір, өзім туралы
Тағып алам кіл айып.
Шалғындықтан өз гүлімді табам деп,
Жиі қайттым мұңайып.
Ұлмекен
Рахмет! өлеңімді қолдағандарыңызға көптен-көп рахмет!
Ақнұр
рахмет