Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1453
Жабағы бұлт көк төсін жабады кеп,
Күздің сыйлар сыйы да, азабы көп.
Тұманды күн аңғартпас жан-жағыңды,
Ойлау қиын біреу жөн табады деп.
Шопан жүрер бір жауып басылса деп,
Сосын дейді, жарқырап ашылса көк.
Күз көгіне тойынған тоқтышақтың
Салмағына салмағы қосылса деп.
Дихан жүрер жауса екен дұрыстап бір,
Ылғал деген халыққа ырыс деп, бір.
Оның ойы басқадан бөлегірек,
Ән мен би де, бидай мен күріш деп тұр.
Табиғаттың қақ жарып шаранасын,
Баз біреулер қамдайды қара басын.
Күтіп жатыр, жарады тағы, тағы,
Күн көзінен мына бұлт тарағасын.
Дейді ақсақал, әр күннен күтерім көп,
Бар ғұмырды әр күнің бітеді жеп.
Күн жаманы кетер-ау, ал өмірің
Көбі жаман адаммен өтеді тек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтқасы тірлік аналар

  • 0
  • 0

Көрсоқыр заман қырсығып,
Көрсетті "жаудың" қызы ғып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.

Толық

Оңаша сәт

  • 0
  • 0

Сезбей қалам оңаша сәттерiмде
Өзiмдi ой ұрлап ап кеткенiн де.
Қимас шаққа – бал дәурен жеткенiме,
Гүл жинаған алғашқы көктемiме…

Толық

Бір нүкте

  • 0
  • 0

Шексіз дала, шексіз Теңіз, шексіз Көк,
Шектесетін жеріңде мен нүкте боп
Отыр едім, бір ой келді басыма
Нүкте айтады, ей, үш Өлшем, тасыма!

Толық

Қарап көріңіз