Өлең, жыр, ақындар

Оңаша сәт

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 853
Сезбей қалам оңаша сәттерiмде
Өзiмдi ой ұрлап ап кеткенiн де.
Қимас шаққа – бал дәурен жеткенiме,
Гүл жинаған алғашқы көктемiме…
Мынау сенсiң, құрдасым, қара шанақ,
Алғам талай мен сенi арашалап.
Жасырынбақ ойнасақ, салатынсың
Қиқуыңа, тапқанша азар шыдап.
“Ұры сай” ғой ал мынау – ұмытпасым,
Мағынасын ерлiктiң шын ұққасын
Тiп-тiк жарға өрмелеп, көрiп келгем
Шақшақайдың көкпеңбек жұмыртқасын.
Ауыз суы айдамал жерде өскем,
Сар метейлер, шөлдесең, көздi тескен.
Суға сараң келетiн, есесiне,
Бүкiл ауыл бар дәмiн бөлiп жескен.
Су алғанмын үйiнде жоқта жеңгем,
(Қорқыныштан жүректi шоққа көмгем)
Саршұнақтың iңiне су құям деп,
Әлi есiмде жеңгеден таяқ жеп ем.
Саршұнақтай шақылдақ бiр “шұнақ” қыз
(Кiсi мiнi теруге шыншылақпыз)
Ұнайтын-ды анама, дейтiн және:
“Жарығы бар көзiнде мың шырақтың”.
Бiрде құмға шыққанмын сол қызбенен,
Бөлек қайттық, жараспай “дәм-тұз” деген.
Ыза қылды, көргiш-ақ, қазып алып
Алдымдағы көсiктi мен iздеген.
Тағы бiрде келгенбiз тезек терiп,
Қозы бақтық, екi үйге кезек келiп.
Шашын сипап, тұлымын тарқатып ем,
Сездi ме деп үлкендер, безектедiк…
…Бет өртейтiн жүрекке сыймаған дем,
Жiгерсiздiк жанымды қинаған ең…
Бата алмаған сыйлауға сол көктемде,
Арнап соған гүл шоғын жинағанмен…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білтелі шам

  • 0
  • 0

Отырмын сенің түбіңде тағы ойланып,
Балалық шақты, өмірді өткен ойға алып.
Жас шақта шырақ қажет те емес екен-ау,
Арманның нұры сіңгенде, аппақ, бойға анық.

Толық

Қарағым

  • 0
  • 0

Қандай еді!.. көркің көз тоймас,
Отыз бес жыл күткен қарағым!
Сағыныш тұнған денеме,
Сезім боп тәтті тарадың.

Толық

Қақың бар ма елді, жер мекендеуге?

  • 0
  • 0

Еділ, Жайық – аталмай, қатар аққан,
Ие болмай атына қаңтар, ақпан.
Ойын ойлап, асына қол соза алмай –
Бұл кім өзі, қорғаншақ, жаутаң қаққан?

Толық

Қарап көріңіз